28.02.2026 19:22
«Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды
28.02.2026 19:22
«Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

«Астана Аренада» өткен финалдың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында «Тобыл» жеңіске жетті.
Матчта алғаш болып 7-минутта «Тобылдың» су жаңа ойыншысы Лукас Герра мергендік танытты. Содан кейін 20-минутта Александр Мрынский және 26-минутта Яакко Оксанен гол соғып «Қайратты» есепте алға шығарды. Ойын соңында 89-минутта Асхат Тағыберген айып добынан қақпа торын тулатып, таразы басын теңестіріп кетті. Ал пенальти сериясында Қостанайдың клубы 5:4 есебімен басым түсті.
Осылайша «жасыл-сарылар» өз тарихында төртінші рет Ел Суперкубогын иеленді. Бұған дейін 2021, 2022 және 2024 жылдары топ жарған.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында «Тобыл» «Ақтөбемен» күш сынасса, «Қайрат» «Алтаймен» шеберлік байқасады.