04.10.2025 18:31
«Тоттенхэм» жеңіске жетті
04.10.2025 18:31
Ағылшын Премьер-лигасының 7-туры аясында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Лидстен» басым түсті

Лидсте өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Лондон клубының сапында Мұхамед Кудус пен Матис Тель мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Ноа Окафор соқты.
Осылайша жеті ойында 14 ұпай жинаған «қораздар» турнир кестесінде екінші сатыға көтерілді.
Томас Франк шәкірттері келесі турда 19 қазан күні «Астон Вилланы» қабылдайды.