14.04.2026 16:36
UEFA «Барселонаның» шағымына жауап берді
14.04.2026 16:36
UEFA «Барселона» түсірген шағымға қатысты шешім шығарды

«Блауграна» «Атлетикоға» қарсы ширек финалдың алғашқы ойынындағы эпизодқа байланысты шағымданған еді. Нақтырақ айтсақ, Каталония клубы 54-минутта Марк Пубильдің өз айып алаңында допты қолға алуын заңсыз деген. Бірақ ұйым мұны құптамай, «Барселонаның» өтінішін негізсіз деп таныды.
Сондай-ақ «Атлетико» стадионы «Метрополитанодағы» алаң да көрсетілген талапқа сай екен. Бұған дейін көгалдың сапасы «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің көңілінен шықпаған еді.
Бүгін, 14 сәуірде «Барселона» Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчы аясында «Атлетикоға» қонаққа барады. «Камп Ноуда» өткен алғашқы матчта «блауграна» 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді.