01.10.2025 11:29

UEFA Сербияны жазалады

01.10.2025 11:29

UEFA тәртіптік комитеті Сербия футбол федерациясына айыппұл салды

Мұндай шешім 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сербия – Англия (0:5) матчы кезінде болған жаппай тәртіпсіздікке байланысты қабылданды. Ойыннан кейін ірі жеңіліске наразы болған жанкүйерлер алаңға түрлі заттар лақтырып, стадионға залал келтірген.

Нәтижесінде Сербия футбол федерациясына 85 мың еуро айыппұл төлейтін болды. Сондай-ақ келесі Албанияға қарсы ойында стадиондағы орындардың 20 пайызы бос қалады.

Айта кетейік, төрт ойыннан кейін жеті ұпай жинаған Сербия К тобында 3-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram