01.03.2026 13:10

Винисиус әлемнің үздік ойыншысы атанды

01.03.2026 13:10

«Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор ақпанның үздік ойыншысы атанды

25 жастағы бразилиялық вингер өткен айда бес матчқа қатысып, алты гол соқты. Осылайша ол IFFHS нұсқасы бойынша жасалған рейтингіде топ жарды. Ал екінші орынға «Бавария» форварды Харри Кейн жайғасса, үздік үштікті «Интер» қорғаушысы Федерико Димарко түйіндеді.

Қаңтар айында бұл жүлдені «Барселона» дүлдүлі Рафинья жеңіп алған еді.

Винисиус осы маусымда 37 матчта 13 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram