22.12.2025 22:51

Винисиус сүреңсіз ойыны жайлы жауап қатты

22.12.2025 22:51

Винисиус «Реалдың» нашар ойынына тек өзін кінәлайтындарды түсінбейді

Команда ішінде шабуылшы Винисиус Жуниор соңғы кезде нашар ойнап жүргенін мойындайды. Сонымен қатар ойыншы команданың ойыны жүрмей қалған сәттерде өзін жалпы қатардан қатты бөліп көрсететінін (айыпты ретінде көрсететінін) сезінетінін айтады.

Белгілі болғандай, Винисиус әлі гол соға алмай келеді. Соңғы рет «Реал» сапында 4 қазанда ғана қарсылас қақпасынан саңылау таба білген.

«Реал» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Хаби Алонсоның командасы көш басындағы «Барселонадан» төрт ұпайға қалып келеді. Команда келесі матчты 4 қаңтарда өз алаңында «Бетиске» қарсы өткізеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram