06.09.2025 21:49

Влахович бесінші матч қатарынан гол соқты

06.09.2025 21:49

Душан Влахович қатарынан бесінші ресми матчта мергендігімен көзге түсті

Бүгін Сербия шабуылшысы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Латвия (1:0) қақпасына гол соғып, құрамасына жеңіс сыйлады.

Осыған дейін 25 жастағы форвард «Ювентус» сапында қатарынан төрт ресми ойында гол соғып келген еді. КӘЧ-2025 турнирінде «Манчестер Сити» мен «Видад» қақпасын дәл көздесе, А Сериясында «Парма» мен «Дженоаның» осал тұсын тапты.

Ал өткен маусымда жалпы 44 ойынға қатысып, 17 гол мен бес нәтижелі пасты өз есебіне жазды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram