03.12.2025 06:00

Холанд АПЛ-дегі 100-голын соқты

03.12.2025 06:00

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд ерекше нәтиже тіркеді

Норвегия форварды «Фулхэмге» (5:4) қарсы ойында бір мәрте мергендік танытты. Бұл оның Ағылшын Премьер-лигасындағы 100-голы болды.

Сондай-ақ Холанд АПЛ-де 100 голды ең жылдам еңсерген ойыншы атанды. 25 жастағы Эрлингке небәрі 111 матч жеткілікті болды. Ал бұған дейінгі рекорд Алан Ширерге (124) тиесілі еді.

Айта кетейік, Холанд «Манчестер Сити» сапына 2022 жылдың шілдесінде Дортмундтың «Боруссиясынан» ауысып келді. Осы аралықта жалпы 165 матчта 144 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram