15.11.2025 03:25

Хорватия Әлем чемпионатына шықты

15.11.2025 03:25

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Хорватия өз алаңында Фарер аралдарын 3:1 есебімен жеңді

Голға бай кездесуде алаң иелерінен Гвардиол, Муса және Влашич қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. Ал қонақтардан жұбаныш голын соққан - Геза Давид.

Осылайша Хорватия тарихында 7-рет мундиальға жолдама алды. Бұған дейін 1998 және 2022 жылдары қола жүлдені қанағат тұтса, 2018 жылы күміс медальді иеленген еді.

Жеті ойыннан кейін 19 ұпай жинаған Златко Далич шәкірттері L тобында жеке-дара көш бастап тұр.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram