31.10.2025 13:18

Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

31.10.2025 13:18

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін

Barca Universal мәліметінше, Каталония клубының спорт директоры Деку Альварестің агенті Фернандо Идальгомен жолығуды жоспарлап отыр.

Деку бұл кездесу арқылы аргентиналық футболшының алдағы жоспарымен танысқысы келеді.

Альварес осы маусымда 12 ойында жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram