18.11.2025 06:51

Зиркзе Италияға қайта оралады

18.11.2025 06:51

«Рома» мен «Манчестер Юнайтед» арасында келіссөздер жүріп жатыр

Gazetta dello Sport басылымы мәлімдегендей, қазіргі уақытта «Рома» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары арасында Джошуа Зиркзе трансферіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Қаңтар айында жасалатын келісімде, Зиркзенің жалға берілуі туралы қарастырылған.

Жалпы, бұл трансфердің жүзеге асуы барған сайын жақындап келеді. Сонымен қатар клубта сатып алу құқығы бар. Аталмыш трансфердің шарттарына сәйкес, «Рома» 2025/26 маусымының соңында Зиркзенің келісімшарты бойынша сатып алу құқығын пайдалана алады. Сомасы 31 миллион фунт стерлингті құрамақ.

Шабуылшы 2024 жылы «Болонья» сапынан «МЮ» командасына қосылған еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram