07.11.2025 16:06
18 жастағы ойыншы «Челсиге» ауысуы мүмкін
07.11.2025 16:06
«Челси» 18 жастағы Ян Диомандені қатарына қосуды көздеп отыр

«Челси» клубы «РБ Лейпциг» командасының жас вингері Ян Диоманденің ойынына жоғары баға беріп отыр. Клуб басшылығы футболшының соңғы айларда көрсеткен нәтижесіне ерекше назар аударған.
18 жастағы ойыншыны қаңтар айында қатарға қосуды жоспарлап отыр. Футболшы «РБ Лейпциг» сапына осы жылы «Леганес» клубынан ауысып келген.
Осы маусымда 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас беріп үлгерген.