07.11.2025 14:09

Кенан Йылдыз Италияда қалуы мүмкін

07.11.2025 14:09

«Ювентус» Кенан Йылдызбен келісімшартты ұзартуға дайын

Италияның La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, «Ювентус» жас түрік шабуылшысы Кенан Йылдызбен жаңа келісімшарт туралы келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр. Клуб ойыншының командада қалатынына сенімді.

Алайда «Ливерпуль», «Арсенал» және «Челси» Йылдыздың шешімін бақылауда ұстап отыр. Ағылшын клубтарының скауттары футболшының ойынын үнемі қадағалап, оны өз қатарына қосудың жолдарын қарастыруда.

Дереккөздің мәліметінше, «Ювентустың» қазіргі жағдайы мен клубтағы басшылықтың ауысуы келіссөздер барысына әсер етуі мүмкін.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram