07.11.2025 13:59
Эрик Гарсия қыста кетуі мүмкін
07.11.2025 13:59
ПСЖ Эрик Гарсиядан үміт үзген жоқ

«Барселонаның» орталық қорғаушысы Эрик Гарсия әлі де ПСЖ-ның трансферлік тізімінде тұр. Бұған дейін клуб ойыншыны еркін агент ретінде қатарға қосуды көздегені туралы хабар тараған.
Кейінірек Гарсияның каталондықтармен жаңа келісімшартқа қол қоюға жақын екені айтылды. Дегенмен, дереккөздерге сенсек, футболшының Парижге ауысу мүмкіндігі әлі де өзекті болып отыр.
ПСЖ басшылығы 24 жастағы қорғаушыны қыста төмендетілген бағада сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Француз клубы трансферді қаңтар айында жүзеге асыруы ықтимал.