07.11.2025 13:38
Юрген Клопп қайта оралады
07.11.2025 13:38
Юрген Клоппқа «Лидс» ұсыныс жасады

Білікті маман Юрген Клопп Ағылшын Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін. Шетелдік БАҚ мәліметінше, «Лидс Юнайтед» клубы бұрынғы «Ливерпуль» бас бапкерін өз тізіміне енгізіп, Клоппты команда тізгінін ұстауға үміткер ретінде қарастырып отыр.
Бұл мүмкіндіктің басты себебі - «Лидс» пен Red Bull арасындағы байланыс. Белгілі болғандай, Клопп осы компаниямен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Қазіргі таңда «Лидс Юнайтед» Премьер-лигадағы нәтижелерімен көңіл көншітпей отыр. Турнирлік кестеде 11 ұпаймен, 16-орында келеді. Сондықтан басшылық командаға жаңа серпін беретін тәжірибелі маман іздеуде.
Әзірге қос тарап бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Дегенмен, неміс бапкерінің ағылшын футболына қайта келуі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.