07.11.2025 11:23
«Лион» алғаш рет жеңілді
07.11.2025 11:23
Антонидің голы «Бетиске» «Лионды» жеңуге көмектесті

Испанияның «Бетис» клубы Еуропа лигасының 4-турындағы ойында өз алаңында Францияның «Лионын» қабылдап, сенімді жеңіске жетті (2:0). Бұл француз клубының биылғы еурокубок маусымындағы алғашқы жеңілісі болды.
Ойынның 30-минутында Эз Абде есепті ашып, Бакамбудың пасын нәтижелі соққымен аяқтады. Араға бес минут салып, команда жұлдызы Антони кезекті голын қарсылас қақпасына тулатты.

Екінші таймда «Лион» ойын тізгінін қолға алуға тырысқанымен, алаң иелері қорғаныста сенімді ойнады.
Бұл нәтижеден кейін «Бетис» 8 ұпай жинап, кестеде 9-орынға тұрақтады (екі жеңіс, екі тең нәтиже). Ал бұған дейін үш матчта жеңіске жетіп, 9 ұпай жинаған «Лион» 7-орында келеді.