07.11.2025 11:11
«Аякс» жаңа бапкердің есімін атады
07.11.2025 11:11
«Аякс» Тен Хагты қайтадан шақырды

Нидерландтың «Аякс» клубы бас бапкерді ауыстыруды жөн санапты. Клуб Джон Хейтинганы қызметінен босатылғанын ресми түрде хабарлады. Бұл шешім команданың соңғы нәтижелері мен ойын сапасының төмендеуіне байланысты қабылданған.
Белгілі журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Аякс» бұрынғы табысты бапкері Эрик тен Хагты клубқа қайта қайтаруға ниетті. Тен Хагтың жетекшілігімен команда жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсеткен болатын. Команда Чемпиондар лигасында жартылай финалға дейін жеткен еді.
Тен Хаг «Аякс» клубында 2017-2022 жылдары қызмет атқарған еді. Жаңа бапкердің тағайындалуы жақын күндері белгілі болады деп күтілуде.