07.11.2025 09:34
ПСЖ ойыншысы қатардан шықты
07.11.2025 09:34
ПСЖ жартылай қорғаушысы Брэдли Барколя жарақат алды

24 жастағы француз Чемпиондар лигасындағы «Аталанатаға» (4:0) қарсы ойында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді.
Осыған байланысты бүгінгі жаттығуға шықпапты. Соның салдарынан ішкі біріншіліктегі «Лионмен» матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.
Барколя осы маусымда 15 ойында төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Франция Бірінші лигасының 12-туры аясында өтетін «Лион» — ПСЖ матчы 9 қараша күні сағат 00:45-ке жоспарланған.