07.11.2025 00:11
Чемпиондар лигасы 4-турының үздіктері белгілі болды
07.11.2025 00:11
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің төртінші турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрама жасақталды
UEFA бақылаушылары символикалық құрамға 11 түрлі клубтың ойыншыларын қосыпты.
Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»);
Қорғаушылар: Деррик Люккассен («Пафос»), Робин Кох («Айнтрахт» Франкфурт), Карлос Аугусто («Интер»);
Жартылай қорғаушылар: Карлуш Форбc («Брюгге»), Ибраим Маза («Байер»), Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль»), Давиде Дзаппакоста («Аталанта»), Фил Фоден («Манчестер Сити»);
Шабуылшылар: Виктор Осимхен («Галатасарай»), Микель Мерино («Арсенал»).

Айта кетейік, турдың «үздік ойыншысы» марапатын «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден жеңіп алған еді.