06.11.2025 21:59
Чемпиондар лигасының 4-турдағы үздік ойыншысы белгілі болды
06.11.2025 21:59
Фил Фоден Чемпиондар лигасының 4-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Боруссия Дортмунд» (4:1) қақпасына дубль жасаған «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы дауыс беру нәтижесінде топ жарды.
1. Фил Фоден («Манчестер Сити») – 2 гол
2. Виктор Осимхен («Галатасарай») – 3 гол
3. Карлос Форбс («Брюгге») – 2 гол, 1 ассист
4. Микель Мерино («Арсенал») – 2 гол.
Фоден осы маусымда 13 ойында төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, бұл марапатты 1-турда Маркус Рэшфорд, 2-турда Килиан Мбаппе, ал үшіншісінде Фермин Лопес жеңіп алған еді.