06.11.2025 20:50
«Рома» аңызы италиялық клубты тізгіндеді
06.11.2025 20:50
Даниеле де Росси «Дженоа» бас бапкері атанды

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
42 жастағы италиялық маман осыған дейін жұмысынан қуылған Патрик Виейраның орнын басты.
Де Росси бапкерлік мансабында «Рома» мен СПАЛ-ды жаттықтырған. Ал 10 турдан кейін небәрі үш ұпай жинаған «Дженоа» Италия біріншілігінде 18-орында келеді.