06.11.2025 17:22
«Реалдың» негізгі ойыншысы қатардан шықты
06.11.2025 17:22
«Реал» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени жарақат алды

25 жастағы француз футболшысы сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен үш аптадай командасына көмектесе алмайтын болды.
Бұл Тчуаменидің мансабындағы 10-жарақаты болды. Осыған дейін 158 күні емделуге кетіп, 36 матчтан тыс қалған.
Ол осы маусымда 15 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.