06.11.2025 16:23

Ориоль Ромеу «Саутгемптон» ойыншысы атанады

06.11.2025 16:23

«Барселонаның» бұрынғы тұтқауылы Ориоль Ромеу «Саутгемптонге» оралады

Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы жартылай қорғаушы Англияның клубына еркін агент ретінде ауысады. Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойыпты. Сондай-ақ тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылады екен.

Ориоль Ромеу бұған дейін «Саутгемптонде» 2015-2022 жылдары ойнаған еді. Осы аралықта 256 матчта сегіз гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 14 турдан кейін 15 ұпай жинаған «әулиелер» чемпионшипте 19-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram