06.11.2025 15:37

Ямаль жанкүйерлерге жауап берді

06.11.2025 15:37

Ламин Ямаль жарақат туралы қауесеттерге жауап берді

«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль соңғы күндері тараған жарақатына қатысты сыбыстарға нүкте қойды.

Жас футболшы өзінің физикалық жағдайы жақсы екенін айтып, алаңда өзін сенімді сезінетінін жеткізді.

«Менің шап жарақатым туралы көп айтылды. Бірақ бәрі өтірік. Маған қарсы жасалған әрекеттер мені мазаламайды. Бұл менің өз жұмысымды жақсы істеп жатқанымды білдіреді», — деді Ямаль.

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Барселона» сырт алаңда «Брюггемен» тең тарқасқан еді (3:3).

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram