06.11.2025 15:08

Ұпайдан шашау шығармағандар

06.11.2025 15:08

Уефа Чемпиондар лигасының 4-туры аясында өткен ойындар аяқталды

Турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Бавария», «Арсенал», «Интер» үштігі мүлдем ұпай жоғалтпады. Барлығы 4 ойында 12 ұпай жинап, қарсыластарына мүмкіндік бермей келеді.

Соңғы ойында «Бавария» ПСЖ жігіттерінен басым түссе (1:2), «Арсенал» «Славия Праганы» оңай жүріп өтті (0:3). Ал «Интер» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Миландағы Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесуде біздің жігіттер 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Келесі турда «Бавария» мен «Арсенал» кездеседі, ал «Интер» «Атлетико Мадридке» қарсы матч бақ сынайтын болады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram