06.11.2025 13:55

«Реал» мықты қорғаушыдан бас тартты

06.11.2025 13:55

«Реал» Ибраим Конатені сатып алмайды

Bild басылымының хабарлауынша, «Реал» қорғаушы Ибраим Конатені енді басты трансферлік мақсат ретінде қарастырмайды. Команда басшылығы осыған дейін ойыншыға қызығушылық танытып, өз қатарларына қосуды көздеген еді. Алайда, «Реал» клубы француз футболшысы Дайо Упамеканомен байланыс орнатып, ауызша келісімге келген.

Конате қазір Еуропаның бірқатар алпауыт клубтарының назарында. Оған ПСЖ мен «Барселона» ерекше қызығушылық танытуда. Ал қазіргі клубы «Ливерпуль» әлі де футболшыға жаңа келісімшарт ұсыну мәселесін қарастырып жатыр.

Француз қорғаушысының болашағы алдағы апталарда анықталуы мүмкін.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram