06.11.2025 13:42
«Реал» ойыншысы клубтан кетеді
06.11.2025 13:42
Родриго қыста «Реал Мадридтен» кеткісі келеді

Sport басылымының хабарлауынша, «Реал Мадрид» шабуылшысы Родриго алдағы қыста командадан кетуді жоспарлап отыр. Клубтың қазіргі бас бапкері Хаби Алонсо бұған дейін футболшының команда үшін өзіндік орны бар екендігін жеткізген еді. Алайда, іс жүзінде жағдай басқаша болып тұр.
Биылғы маусымда Родригоның алаңға шығуы қиындап кеткен. Ол бар болғаны 92 минут қана жасыл алаңда доп тепкен. Бұл уақыттың басым бөлігі Клубтар арасындағы әлем чемпионаты кезінде өткен. Ал Ла Лигада футболшы небәрі екі матчқа ғана қатысты.
Ойын уақытының аздығы мен бапкердің шешімдері шабуылшының болашағына кері әсерін тигізіп отыр. Родриго енді тұрақты ойын тәжірибесін алу үшін жаңа команда іздеуге кірісіп кетіпті.