06.11.2025 11:14

Месси MLS үздіктер құрамасына енді

06.11.2025 11:14

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси MLS чемпионатының үздіктер құрамасына енді

Жылдың 11 мықтысын ойыншылар, бапкерлер және журналисттер дауыс беру арқылы таңдады.

Қақпашы: Дейн Сен Клер («Миннесота Юнайтед»);

Қорғаушылар: Тристан Блэкмон («Ванкувер Уайткэпс»), Александр Фриман («Орландо Сити»), Якоб Глеснес («Филадельфия Юнион»), Кай Вагнер («Филадельфия»);

Жартылай қорғаушылар: Себастьян Берхальтер («Ванкувер»), Эвандер («Цинциннати»), Кристиан Рольдан («Сиэтл Саундерс»);

Шабуылшылар: Дени Буанга («Лос-Анджелес»), Андерс Дрейер («Сан-Диего»), Лионель Месси («Интер Майами»).

Айта кетейік, 38 жастағы Месси маусымның алғашқы бөлігінде 29 гол соғып, үздік сұрмерген атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram