06.11.2025 10:48

Кулибали «Әл-Хиләлде» қалады

06.11.2025 10:48

Калиду Кулибали «Әл-Хиләлмен» келісімшартын ұзартады

Николо Скираның мәліметінше, қос тарап 2027 жылдың маусым айына дейін жарамды жаңа құжатқа қол қою туралы келісімге келді.

Сенегал құрамасының қорғаушысы Эр-Риядтың клубында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта 106 матчта 14 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарт 30 маусымда күшін жояды.

Айта кетейік, Кулибали мансабында одан бөлек «Наполи» мен «Челси» сияқты белгілі команадаларда ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram