06.11.2025 08:53

Чемпиондар лигасының осы аптадағы «үздік ойыншысы» жүлдесіне үміткерлер

06.11.2025 08:53

Чемпиондар лигасының осы аптадағы «үздік ойыншысы» жүлдесінен дәмелі төрт футболшы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Виктор Осимхен («Галатасарай»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Микель Мерино («Арсенал») және Карлуш Боржеш («Брюгге») кірді.

Осимхен «Аяксқа» (3:0) қарсы хет-трик жасады. Фоден «Боруссия Дортмундтың» (4:1) қақпасына дубль рәсімдеді. Мерино болса «Славиямен» (3:0) ойында екі гол соқты. Ал Боржеш «Барселонаға» (3:3) екі рет мергендік танытып, бір нәтижелі пас берді.

Жеңімпаз дауыс беру бойынша анықталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram