06.11.2025 03:17

«Барселона» «Брюггені» жеңе алмады

06.11.2025 03:17

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Барселона» сырт алаңда «Брюггемен» тең ойнады

Бельгияда өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Каталония клубында Ферран Торрес пен Ламин Ямаль гол соқты. Сондай-ақ Христос Цолис өз қақпасының торын тулатты. Ал алаң иелері сапында Карлос Форбс дубль авторы атанса, Николо Тресолди бір мәрте дараланды.

Осылайша 7-ұпайын еншілеген «блауграна» турнир кестесінде 11-орынға жайғасты. Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 25 қарашада «Челсиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram