06.11.2025 02:52

«Қайрат» «Интерге» есе жіберді

06.11.2025 02:52

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Қайрат» сырт алаңда «Интерге» жол берді

Миландағы Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесуде біздің жігіттер 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алаң иелері сапында Лаутаро Мартинес пен Карлос Аугусто мергендік танытты. Ал Алматы ұжымының жалғыз голын Офри Арад соқты.

Осылайша отандық команда турнир кестесінде бір ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Бұған дейін «сары-қаралар» «Спортинг» (1:4) пен «Реалға» (0:5) есе жіберіп, «Пафоспен» (0:0) тең түскен еді.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда 26 қараша күні «Копенгагенге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram