06.11.2025 00:42

«Қарабах» пен «Челси» тең түсті

06.11.2025 00:42

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Челси» сырт алаңда «Қарабахпен» тең тарқасты

Бакуде өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Лондон клубының сапында Эстевао мен Алехандро Гарначо мергендік танытты. Ал алаң иелерінің құрамында Леандро Андраде мен Марко Янкович (пенальти) гол соқты.

Бұл ойыннан кейін 7-ұпайына қол жеткізген «Челси» live-кестеде 10-орынға жайғасты. Дәл осындай ұпайы бар «Қарабах» 12-сатыға табан тіреді.

Энцо Мареска шәкірттері келесі турда «Барселонаны» қабылдайды. Ал Әзербайжанның ұжымы «Наполиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram