05.11.2025 19:23
«Астон Вилла» капитаны клубта қалды
05.11.2025 19:23
Джон Макгинн «Астон Вилламен» келісімшартын ұзартты
Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды жаңа құжатқа қол қойды.
31 жастағы шотландиялық жартылай қорғаушы Бирмингемнің клубында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта 299 матчта 33 гол соғып, 41 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ капитан атанып үлгерді.
Айта кетейік, 10 ойыннан кейін 15 ұпай жинаған Унаи Эмери шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында 11-орында келеді.