05.11.2025 16:15

Де Росси италиялық клубты тізгіндеуге жақын

05.11.2025 16:15

Даниэле Де Росси «Дженоа» бас бапкері атануға жақын

Фабрицио Романоның мәліметінше, 42 жастағы маман бүгін Миланда Генуя клубының басшылығымен кездеседі екен. Жүздесу барысында келісімшарт талаптары талқыланбақ.

Осыған дейін «россоблу» Патрик Виейраны мезгілінен бұрын орнынан босатқан еді. Ал Де Росси 2024 жылы «Ромадағы» қызметінен кеткеннен кейін әлі бапкерлікке оралмады.

Айта кетейік, 10 турдан кейін небәрі үш ұпай жинаған «Дженоа» турнир кестесінде 18-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram