05.11.2025 12:00
«Арсенал» мықтылармен теңесті
05.11.2025 12:00
«Арсенал» рекорд орнатты

Лондонның «Арсеналы» рекорд жаңартып, қатарынан сегіз ойында қарсыластарына бірде-бір гол соғуға мүмкіндік бермеді. Бұл жетістік ағылшын футболының тарихындағы сирек кездесетін нәтиже саналады.
«Зеңбірекшілердің» қорғаныс шебі соңғы апталарда керемет ойын өрнегін көрсетуде. Осылайша 1920 жылғы «Ливерпуль» мен 1889 жылғы «Престон» клубтарының нәтижесімен теңесті. Бұл екі команда да өз дәуірінде осындай серияға қол жеткізген еді.
ЧЛ-ның жалпы кезеңі аясында өткен матчта «Арсенал» сырт алаңда «Славия Прага» командасынан 0:3 есебімен басым түсті.
«Арсенал» кезекті ойынын Ағылшын Премьер-лигасының 11-тур аясында «Сандерлендке» қарсы өткізеді.