05.11.2025 11:05
Джуд Беллингем рекорд жаңартты
05.11.2025 11:05
УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Реал» «Ливерпульге» (0:1) есе жіберді

Аталған кездесуде Джуд Беллингем Чемпиондар лигасында 50 матч өткізген ең жас ойыншы атанды. Англиялық жартылай қорғаушы бұл нәтижеге 22 жас 128 күнінде қол жеткізді.
Осылайша Икер Касильясқа (22 жас 155 күн) тиесілі болған рекордты жаңартты. Сондай-ақ алдыңғы бестіктің қатарында Сеск Фабрегас (22 жас 331 күн), Килиан Мбаппе (22 жас 139 күн) және Лионель Месси (23 жас 166 күн) бар.
Айта кетейік, Беллингем осы маусымда 16 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.