05.11.2025 10:26

Ханси Флик «Барселонадан» кетеді

05.11.2025 10:26

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик маусым соңында командадан кетеді

АВС мәліметінше, неміс маманы кейбір ойыншылар мен басшылыққа наразы екен. Оның үстіне Каталониядағы жұмысынан шаршаған.

60 жастағы тәлімгер бұл шешімін бапкерлер штабына хабарлап қойыпты.

Флик «блауграна» тізгінін 2024 жылдың жазында ұстаған еді. Содан бері команда 54 рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең түсіп, 12 матчта қарсыласына есе жіберді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram