05.11.2025 10:06

Ван Дейк «Реалға» ауысуды қалаған

05.11.2025 10:06

Вирджил ван Дейк мансабын «Реал Мадридте» жалғастырғысы келген

Вирджил ван Дейк мансабын осы маусымда «Реал Мадридте» жалғастыруды жоспарлаған. Футболшының агенттері «Реал Мадридпен» байланыс орнатып, өзі «Реалдан» жауап күтті. Алайда, клуб қорғаушыға қызығушылық танытпағанын айтып, қысқа қайырды.

Осы жағдайдан кейін Ван Дейк «Ливерпульдан» ұсыныс алып, клубпен келісімшартты ұзартуды шешті.

Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңі аясында өткен матчта «Ливерпуль» өз алаңында минималды есеппен «Реалдан» басым түсті.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram