05.11.2025 09:24

Йозуа Киммих Чемпиондар лигасындағы 100-матчын өткізді

05.11.2025 09:24

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Бавария» ПСЖ-ны 2:1 есебімен жеңді

Йозуа Киммих бұл кездесуде Чемпиондар лигасындағы 100-матчын өткізді.

Осылайша бұл межені бағындырған «Бавария» тарихындағы бесінші ойыншы атанды. 100+ матч өткізгендердің қатарында Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Филипп Лам және Оливер Кан бар.

Киммих Чемпиондар лигасында 12 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram