05.11.2025 08:20

Контенің командасы жеңіске жете алмады

05.11.2025 08:20

Антонио Контенің Чемпиондар лигасында жолы болар емес

«Наполи» командасының бас бапкері Антонио Конте «Айнтрахтқа» қарсы ойында жеңіске жете алмады. Ешқандай гол соғылмаған ойында екі команда ұпай бөлісті. Әзірге білікті маманның Чемпиондар лигасындағы статистикасы көңіл көншітпейді.

Контенің бапкерлік мансабы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасында өткізген 46 ойыны бар. Сол кездесулердің небәрі 16-сында ғана оның командалары жеңіске жеткен. Ал қалған матчтардың 15-і тең аяқталып, 15-інде жеңіліске ұшыраған.

«Наполи» ЧЛ-ның турнирлік кестесінде 4 ұпаймен 21-орында келеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram