05.11.2025 07:54

Ашраф Хакими жарақат алды

05.11.2025 07:54

Хакими туған күнінде ауыр жарақат алды

ПСЖ қорғаушысы Ахраф Хакими «Баварияға» қарсы ойында ауыр жарақат алып, соңына дейін командасына көмектесе алмады. Матч барысында қарсыласымен қақтығыс кезінде футболшының тобығы оқыс қайырылып кеткен.

Алаңнан тыс Хакими қатты ауырсыну сезініп, медициналық тексеріске жіберілді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарақат тобықтың байламдарына зақым келтірген болуы мүмкін.

ЧЛ-ның жалпы кезеңі аясында өткен матчта ПСЖ «Баварияға» 1:2 есебімеен жеңіліп қалды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram