05.11.2025 02:38

«Тоттенхэм» «Копенгагенді» ойсырата жеңді

05.11.2025 02:38

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Тоттенхэм» өз алаңында «Копенгагенді» тізе бүктірді

Лондонда өткен кездесуде 4:0 есебі тіркелді. Алаң қожайындары сапында Бреннан Джонсон, Вилсон Одоберт, Микки ван де Вен және Жоау Палинья гол авторы атанды.

Осылайша 8-ұпайын еншілеген Томас Франктың шәкірттері турнир кестесінде 7-орынға көтерілді.

Енді «Тоттенхэм» келесі турда 26 қараша күні ПСЖ-ға қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram