04.11.2025 22:10
Криштиану Роналду: Әлем чемпионы болу арманым емес
04.11.2025 22:10
Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Әлем чемпионатына қатысты пікір білдірді

– «Әлем чемпионы атану – менің арманым емес. Тарихтағы ең үздіктердің бірі екенімді дәлелдеудің не қажеті бар? ӘЧ неге басты критерий болуы тиіс? Төрт жылда бір өтетін, бар болғаны алты-жеті матчтан тұратын турнир адамды ұлы етеді деу – әділетсіз», – деді Роналду Пирс Морганға берген сұхбатында.
Айта кетейік, 2026 жылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.