04.11.2025 19:38
2025 жылғы Golden Boy анықталды
04.11.2025 19:38
Дезире Дуэ 2025 жылдың үздік жас ойыншысы атанды

Франция құрамасы мен ПСЖ вингері 50 журналист қатысқан дауыс беру нәтижесінде топ жарды.
Дуэден бөлек үміткерлер қатарында Пау Кубарси, Санни Меюлю, Уоррен Заир-Эмери, Дин Хейсен, Франко Мастантуоно, Арда Гүлер, Кенан Йылдыз, Майлс Льюис-Скелли, Итан Нванери, Йоррел Хато, Жеовани Кенда, Эстевао, Лени Йоро, Нико О’Райли, Джованни Леони, Лукас Бергвалль, Арчи Грей, Джоб Беллингем, Элисс Бен-Сегир, Пио Эспозито, Виктор Фрохольдт, Родриго Мора, Мамаду Сарр және Александар Станкович болды.
Сондай-ақ ең үздік италиялық жас ойыншы аталымында «Интер» шабуылшысы Франческо Пио Эспозито топ жарды.
Айта кетейік, былтыр «Барселона» жұлдызы Ламин Ямаль Golden Boy атанған еді.