04.11.2025 16:54
Пауло Дибала қатардан шықты
04.11.2025 16:54
«Рома» шабуылшысы Пауло Дибала жарақат алды

31 жастағы аргентиналық ойыншы «Миланға» (0:1) қарсы ойында сол жақ сан бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен үш аптадай алаңға шыға алмайды екен. Салдарынан Еуропа лигасындағы «Рейнджерс» және ішкі біріншіліктегі «Удинеземен» ойынға қатыспайды.
Бұл Паулоның мансабындағы 39-жарақаты болды. Бұған дейін 815 күні емделуге кетіп, 137 матчтан тыс қалған.
Дибала осы маусымда тоғыз матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.