04.11.2025 16:13
«Фиорентина» бас бапкерсіз қалды
04.11.2025 16:13
Стефано Пиоли «Фиорентина» бас бапкері лауазымынан айырылды

Флоренцияның клубы 60 жастағы италиялық маманды мезгілінен бұрын қызметінен босатты.
Осыған байланысты команданы бұрын жастарды баптаған Даниэле Галлоппе уақытша тізгіндейтін болды.
Пиоли «Фиорентинаны» шілде айынан бері жаттықтырып келді. Осы аралықта команда төрт рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түсіп, алты матчта қарсыласына есе жіберді.
«Күлгіндер» Италия біріншілігінде 10 турдан кейін бірде-бір жеңіске жете алмай, төрт ұпаймен соңғы 20-орында келеді.