04.11.2025 13:19
«Реал» Витиньяға қомақты қаржы ұсынды
04.11.2025 13:19
«Реал Мадрид» Витинья үшін 100 миллион еуро ұсынбақ

Испанияның алпауыт командасы «Реал Мадрид» жазғы трансфер терезесінде ірі келісім жасауға дайындалып жатыр. Fichajes порталының хабарлауынша, «Реал» Витиньяға 100 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс әзірлеуде.
Футболшы соңғы маусымдарда ПСЖ-ның негізгі ойыншыларының біріне айналып, бірнеше жеңіске себепкер болған еді. Сондықтан да оны алу оңай болмайын деп тұр.
Алайда «Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес бұл трансферді жүзеге асыруды көздеп отыр. Егер ПСЖ 100 миллион еуроға келісім берсе, «Манчестер Юнайтед» те бұл бәсекеге қосылуға дайын екендігін жеткізген.
Қазіргі таңда Витиньяның ПСЖ клубымен келісімшарты бірнеше жылға созылған, сондықтан клуб оны тек қомақты сомаға ғана жіберуі мүмкін.