04.11.2025 12:03
Жюль Кунде «Брюггеге» қарсы ойнамайды
04.11.2025 12:03
«Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде Чемпиондар лигасының 4-туры аясындағы «Брюггеге» қарсы ойынға қатыспайды

Sport мәліметінше, бас бапкер Ханс-Дитер Флик 26 жастағы французға демалыс беруді жөн көріпті. Оның орнына Эрик Гарсия қорғаныстың оң қанатында ойнайды екен.
Кунде осы маусымда 14 ойынға қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді
Айта кетейік, Бельгияда өтетін кездесу ертең 5 қараша, сағат 01:00-ге жоспарланған. Матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.