04.11.2025 10:36
Хейсен: «Энфилд» жәй ғана алаң
04.11.2025 10:36
Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Реалды» қабылдайды.

«Реал Мадрид» қорғаушысы Хейсен алдағы «Ливерпульге» қарсы ойынды асыға күтіп отырғанын айтты. Футболшының сөзінше, басты мақсат — 100% ойын өрнегін көрсетіп, 3 ұпайды қоржынға салу.
«Біз ойынға толық дайынбыз. Біздің мақсат - бар күшімізді салып, жеңіске жету. «Энфилдтегі» қысым мен атмосфера мен үшін қиындық тудырмайды. Мен бұл стадионда бұрын ойнағанмын. Бұл - жай ғана алаң, онда футболшылар өнер көрсетеді», — деді қорғаушы.